Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды
2025 жылғы 24 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар судың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Толассыз жауын: Ақтауда көшелерді су басып жатыр