ТЖМ дауыл туралы ескертулерді қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді
Еліміздің басым бөлігінде найзағай, екпінді жел, ыстық және өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv
10 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы қаласында 10 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі.
Қонаевта 10-12 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорғанда 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
10 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Таразда 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкентте 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістанда 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылордада 10 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырауда 10 маусымда түнде найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
10 маусымда БҚО-да күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбеде 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанайда 10 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Ақмола облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Өскеменде 10 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
10 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 9-15 маусым аралығында ауа райы қандай болады