Құтқарылғандар – 2012 және 2009 жылы туған балалар
Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында шомылып жүрген екі баланы құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2025 жылдың 26 маусымында 7-ші қалалық жағажайда патруль жүргізу кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жағалаудан шамамен 80 метр қашықтықта қауіпсіз аймақтан асып кеткен екі баланы байқап қалды. Олар өз бетімен жағаға қайта жүзе алмай жатқан.
Құтқарылғандар – 2012 және 2009 жылы туған балалар.
Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарының көмегімен балаларды жағаға дін аман алып шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен демалушыларға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді:
Оқи отырыңыз:Алматыда 30 маусым мен 6 шілде аралығында ауа райы қандай болады