Қазақстанда кімдерге заң көмегін тегін алуға болады

Almaty.tv
Almaty.tv

Тегін көмегін алатындар тұрғылықты жеріне және жүрген жеріне қарамастан өтініш бере алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда заң қызметтерін тегін алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға келесі азаматтардың құқығы бар:

Физикалық тұлғалар:

Алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, реабилитация, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша;

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар;

Жыныстық зорлық-зомбылыққа, адамдар саудасына, терроризм актілеріне ұшырағандар немесе азаптауға тап болған адамдарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша;

Асыраушыдан айырылғандарға, жұмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан денсаулығына зиян келтірілгендерге қатысты мәселелер бойынша;

Арнайы санаттар:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер, басқа мемлекеттерде әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, мерзімді әскери қызметте болғандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі барлар, зейнеткерлер (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);

Көпбалалы отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);

Кедейшіліктің шегінен төмен табысы бар азаматтар мен отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша).

Сотта тегін қорғау және өкілдік ету

Мемлекет сондай-ақ сотта, қылмыстық қудалау органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ақысыз заңдық қорғауды және өкілдік етуді келесі жағдайларда қамтамасыз етеді:

  • Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға;
  • Азаматтық істерде талапкер мен жауапкерге, сондай-ақ әкімшілік соттардағы талапкерлерге;
  • Қылмыстық істер бойынша күдікті, айыпталушы, сотталушы, ақталған және жәбірленуші тараптарға.

Қазақстанда мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар азаматтар оны тұрғылықты жеріне және жүрген жеріне қарамастан өтініш бере алады. Сондай-ақ заңды көмек көрсету туралы өтінішті заңды өкілдер олардың атынан беруге құқылы.

Оқи отырыңыз: Мейрам күндері елімізде 21 мыңнан астам полицей ел тыныштығын күзетеді

Новости партнеров