Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді

Max Fleischmann/unsplash.com/
Max Fleischmann/unsplash.com/

Оның ішінде төртеуі нәзік жандылар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды. Қазақстандық полиция қатарында Наурыз есімді 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар.

Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін.

Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар.

  • Наурызбай — 55
  • Наурызбек — 41
  • Наурыз — 12
  • Наурызгүл — 4
  • Наурызхан — 3
  • Наурызғали — 2
  • Наурызжан — 1
  • Бекнаурыз — 1

Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойланады

Новости партнеров