Телеарна аумағын тазартқан ұжым қызметкерлері қаланы көркейтуге үлес қосты
Almaty TV телеарнасының ұжымы «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты кең ауқымды жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Телеарна журналистері, операторлары мен кеңсе қызметкерлері бірауыздан жұмыла отырып, телеарна ғимараты орналасқан аумақ пен жақын маңайды қоқыстан тазартты.
Еске салайық, бүгін «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламалары аясында Наурызнаманың Тазару күніне орайластырылған «Almaty Clean&Green» жалпықалалық акциясы өтіп жатыр.
«Almaty clean & green» акциясы қала тұрғындарын біріктіріп, олар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді және өзен жағалауларын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Сонымен қатар, сенбілік барысында ағаштар мен бұталар отырғызылды. Акцияға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қала экологиясын жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.
Қала әкімдігі науқанға қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен, көшеттермен қамтамасыз етіп, жиналған қалдықтарды қоқысты қайта өңдеу орнына жөнелтті.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Абай Байтұрсынов даңғылынан сенбілік өтетін негізгі орындарға автобус қатынасы ұйымдастырылды.
Оқи отырыңыз: Almaty clean & green: қалалық сенбілікте 10 мыңнан астам ағаш отырғызылды