«Семей орманы» резерватындағы өрт толықтай сөндірілді

Видеодан кадр / t.me/qazfwc
Видеодан кадр / t.me/qazfwc

Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2025 жылғы 5 сәуір, сағат 17:10-дағы жағдай бойынша өрт толықтай сөндірілді.

Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР Бас директоры Дәулет Байбулатов бастаған 419 адам және 140 техника бірлігі, оның ішінде:

  • ЭТРМ — 143 адам, 65 техника бірлігі;
  • ЖАО — 35 адам, 16 техника бірлігі;
  • ТЖМ — 227 адам, 55 техника бірлігі;
  • ІІМ — 14 адам, 4 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Өрттің таралуын болдырмау бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Оқиға орнына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. М. Елемесов те келіп, бақылау жүргізді», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Абай облысында 500-ден астам бала қажетті медициналық тексеруден өткізілмеген

Новости партнеров