Құтқарушылар жыланды ұстап, елдімекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді
ТЖМ құтқарушылары жыланды ұстады, деп хабарлады Almaty.tv.
Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінің қызметкері 112 пультіне қоғамдық орында бауырмен жорғалаушының жүргенін айтқан.
Құтқарушылар сауда орталығына жедел келіп, азаматтарға қауіп төндірмеу үшін арнайы құралдың көмегімен рептилияны ұстап алып, елдімекеннен алыс қауіпсіз жерде жіберді.
"Жылан табылған кезде адамдарды орын-жайдан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыруды ұсынады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін", - деді ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Елімізде бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды