Елшілік қазақстандықтарды дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырды
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі Қазақстан азаматтарын Түркияның ең ірі қаласындағы жағдайға байланысты митингілерге қатысудан аулақ болуды сұрайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулдығына сілтеме жасап.
— Қалыптасқан жағдайға байланысты халық көп жиналатын орындарға бармауға, шерулер мен митингілерге қатысудан бас тартуға, күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағылық пен сақтыққа, жаңалықтарды қадағалап, биліктің нұсқаулықтарын орындауға және Қазақстан Республикасының Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыста болуға шақырамыз, — делінген елшілік хабарламасында.
Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға шақырды.
— Сонымен қатар әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және ағымдағы оқиғаларға қатысты жеке бағалар мен пікірлерді таратудан бас тартуға аса назар аударамыз, — делінген хабарламада.
Қазақстанның Түркиядағы шетелдік өкілдіктерінің жедел желі телефондары:
Айта кетелік, Түркиядағы наразылықтың саябырситын түрі жоқ.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыласы Ыстанбұл қаласының мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөз кеңесшісі Мұрат Онгун арнайы операция кезінде тұтқындалып, сотқа берілген болатын.
Оқи отырыңыз: АҚШ асып кеткен тағы бір қазақ баласы ата-анасын іздеп, елге оралды