Заң мен тәртіп: елімізде кибералаяқтық өршіп барады

Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мәселенің шешу жолдарын қарастыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде кибералаяқтық өршіп барады. Алматы қалалық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, биылдың бірінші жартыжылдығында қалада 12 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық алаяқтықтан зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі 3 миллиард теңге. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған кезекті іс-шара Әуезов ауданында өтті. Акциясы аясында 40-тан аса тұрғын құзырлы орган өкілдерімен тілдесіп, шағымын жеткізді.

«Азаматтардың айтуынша, мобильдік телефондарына емес, үй телефондарына да алаяқтардың хабарласып, осындай «ақша аудару керек» немесе «сіздің жеке куәлігіңіздің уақыты бітті» деп сендіруге тырысады, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі Жақсылық Мырзахан.

«Әуезов ауданы аумағында мобильдік топ құрылды. Мобильдік топтың ішіне прокуратураның бастамасымен полиция басқармасы, жергілікті әкімшілік және қаржылық мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтері жұмыстарын жүргізуде», – деді Әуезов ауданы прокуратурасының прокуроры Ислам Тасболатұлы.

Бұл іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мәселенің шешу жолдарын қарастыру. «Азаматтардың талап-тілегі мен шағымдарын жедел қарауға бағытталған осындай ашық диалог қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстың алдын алуға септеспек.

 «Жеке құқықтық сұрақтарым болған. Полиция басқармасынан кеңес алдым», – деді қала тұрғыны Аяужан Алтайханова.

Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысы: Индонезияда екі қазақстандық күдікке ілінді

Новости партнеров