Жұмбақ өлім: Шымкентте оқушының денесі өз үйінен табылды

Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол салуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 17 жастағы оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаладағы № 11 мектепте оқыған қыздың денесі өзі тұрып жатқан үйінен табылған. Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім өз-өзіне қол салуы мүмкін. Бүгінде құзырлы органдар қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Бейресми ақпараттарда оқушыға мектепте қысым көрсетілуі мүмкін делінеді. Ал қала әкімдігі бойжеткеннің мұндай қылыққа баруына тұрмыстық жағдайы себеп болған шығар деп отыр.

«Тұрмыстық жағдайына келсек, әке-шешесі қайтыс болған. Алдыңғы бауыры да былтыр әжесінің қолында жаңағыдай жағдайға тап болған. Мүмкін балаға көңіл бөлінбеген шығар, білмейміз?» –  деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек

Мегаполисте оқушылар арасында құқықбұзушылық артқандықтан, бірнеше мектеп басшысы жұмыстан қуылуы мүмкін. Қала әкімдігі бұл ақпаратты растады. Білім ордаларындағы тәртіп пен тәрбие қатаң бақылауға алынған.

«Ескертуден басталды, сөгіс, қатаң сөгіс берілді. Бір рет ескерту алды, екінші рет сөгіс алды. «Менің жұмысымда қателік бар екен ғой, мынаны жөндеуім керек екен ғой» деп ойлану керек қой. Бізде соны жөндеуге талпынбайтын директорлар бар екені рас», – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: Бөбекжайда бүлдіршінді ұрған маман қамауға алынды

 

 

Новости партнеров