Демалыс күндері елімізде дауылды ескерту жарияланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

Синоптиктердің болжамы бойынша  найзағай, дауыл соғып, бұршақ, жауады, қатты ыстық болады 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 2025 жылғы 13-15 маусым аралығындағы Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Ел өңірлерінде найзағай, дауыл, бұршақ; қатты ыстық (38°C-қа дейін) болады. 15-20 м/с екпінді жел соғып, кей аймақтарда тұман (әсіресе түнде және таңертең) түседі. Сонымен қатар өңірлердің басым көпшілігінде жоғары және төтенше өрт қауп күтіледі", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

ТЖМ қатты ыстық пен жел кезінде орманға немесе далаға бармауға, найзағай кезінде ағаш астында тұрмауға, көшеде электроқұрылғыларды пайдаланбауға, жанғыш заттарды күн астында қалдырмаға кеңес береді.

Ауа райы нашарлағанда үйде болған абзал.

Оқи отырыңыз:  Алматыда 16-22 маусым аралығында ауа райы қандай болады

 

Новости партнеров