Франция Қазақстандағы АЭС жобасына қатысуға ниетті
Астанада Қазақстан Республикасы Атомдық энергия агенттігі төрағасының орынбасарлары Асет Махамбетов пен Василий Лавренов француздың мемлекеттік энергетикалық компаниясы Électricité de France (EDF) аға вице-президенті Вакис Раманимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі DKnews.kz сайтына сілтеме жасап
Кездесуге сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері де қатысты.
Тараптар Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жобасына EDF компаниясының халықаралық консорциум аясында қатысу мүмкіндігін талқылады. Әсіресе ғылыми-техникалық әріптестік пен шағын және орта қуаттағы реакторлар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.