Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласының есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет арқылы тыйым салынған заттарды тарату ісімен айналысқан наркокурьерді ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктіден синтетикалық есірткінің ірі партиясы, сондай-ақ қаптамалар мен электронды таразылар тәркіленді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Оның қылмыстық қызметі үшін сыйақыны криптовалюта арқылы алғаны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 - Синтетикалық есірткілер қоғамға, әсіресе жастарға үлкен қауіп төндіреді. Біз олардың таралуымен күресті одан әрі жалғастырамыз және азаматтарды мұндай оқиғалар туралы дереу хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана болашағымызды осы қауіптен сақтай аламыз, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:14

15:04

14:58

14:44

14:38

14:24

14:19

12:20

12:18

11:46

11:10

11:06

10:55

10:30

10:29

09:45

17:43

17:31

17:17

17:14

16:57

16:48

16:11

16:09

15:26