Димаш Лара Фабианмен бірге өнер көрсетеді

Димаш Лара Фабианмен бірге өнер көрсетеді Сурет: Dimashnews.com

Концерт Лондондағы OVO Arena Wembley сахнасында өтеді.

Димаш Құдайберген бельгиялық әнші Лара Фабианның Voices туры аясындағы концертінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы ақпарат OVO Arena Wembley-дің Instagram парақшасында жарияланған.

"Екі феномальды әртіс", - деп жазылған парақша хабарламасында.

Айта кетейік, жуырда Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жаңа бейнебаяны туралы хабармен тыңдарманын қуантты.

"Достар! 15 мамырда сағат 20:00-де (Астана уақыты) YouTube желісінде "Тау ішінде" бейнебаяны жарық көреді! Премьера құрметіне – челлендж: бейнебаянмен байланысты ең көп қаралған және қызықты видеоға қомақты сыйлық беріледі!" - деді әнші.

Челленджге қатысу үшін 30 секундтық видеоны TikTok немесе Instagram желісінде "tauishindechallenge" хэштегімен 8-25 мамыр аралығында жариялау керек, деп түсіндірді әнші.

Өнерпаз челлендждің қорытындысын 26 мамырда Алматыда өтетін фан-кездесуде шығаратынын атап өтті.

"Жүлде - жеңімпазға өз қалауынша менің жеке концертіме жолдама сыйға тартылады (Барселона, Берлин, Лондон, Рига). Ұшақ билеті мен қонақ үй құны ұтыс ішіне кіреді", - деп жазды Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:16

17:22

16:17

15:30

15:10

14:49

14:38

14:30

14:15

13:36

12:34

10:56

10:30

10:06

10:05

18:57

17:50

17:26

16:55

16:49

16:33

15:15

14:41

14:31

14:28