Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді

Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді Қайрат Қонысбаев

Алматыда 5-6 сәуір аралығында жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.

5 сәуір таңынан 6 сәуір түнге дейін 14 мм-ге дейін жауын-шашын, 15-20 м/с екпінді желмен бірге найзағай күтіледі. Таулы аймақта қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Ықтимал су басудың алдын алу және салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтің, құтқару қызметі мен ТЖД-ның барлық техникасы әзір. 4200 қап құм дайындалған.

Су басуы мүмкін учаскеде түнгі уақыттан бастап ассенизатор машинасы мен мотопомпа жабдықталған бригадалар кезекшілік атқарады.

Сонымен қатар, жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басудың алдын алу және оларды жою үшін мотопомпалар мен арнайы құралдармен жабдықталған жедел бригадалар жұмыс істейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:23

19:18

17:11

16:47

16:20

16:11

15:45

15:32

15:14

15:04

14:58

14:44

14:38

14:24

14:19

12:20

12:18

11:46

11:10

11:06

10:55

10:30

10:29

09:45

17:43