Мектептегі жаңа лауазым

Мектептегі жаңа лауазым  gov.kz

Оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Елдің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
Министрлік жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:00

09:59

09:55

09:44

09:00

20:34

17:56

17:42

17:38

17:25

17:23

17:15

17:05

16:46

16:31

16:15

16:08

16:01

15:51

15:31

15:27

15:00

14:44

14:42

14:05