Оқушыларға қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?

Оқушыларға қандай жұмыс істеуге тыйым салынады? Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, бұл мәселеде заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды.

ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:

14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу — аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет.

Заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:

түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін),
үстеме жұмыс,
вахталық әдіспен жұмыс істеу,
қоса атқарылатын жұмыс
жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.
- Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Сондай-ақ, олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету — ересектердің міндеті. Балалар еңбегін заңсыз пайдалану елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс берушілер тіпті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Комитет балаларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тарту фактілері анықталған жағдайда бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе 111 бірыңғай байланыс орталығына дереу хабарлау қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:23

16:16

16:12

16:01

15:47

15:30

14:43

14:28

14:08

13:37

13:26

13:05

12:45

12:39

12:29

11:10

11:05

10:58

10:43

10:39

10:32

10:18

10:16

10:05

09:44