Өткен жылы қанша ет импортталды

Өткен жылы қанша ет импортталды image.qazdauiri.kz

Өткен жылы елімізге әлемнің 8 елінен 160 мың тоннадай ет импортталды. Бұл туралы Kazinform агенттігі жолдаған сауалға Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

— 2024 жылы елімізге жалпы мөлшері 160 мың тоннадай ірі қара мал, қой, жылқы, тауық және шошқа еті импортталды, - делінген хабарламада.

Министрлік берген мәлімет бойынша: 

Ірі қара мал еті — 12,3 мың тонна (2023 жылы - 12,2 мың тонна). Негізгі импорттаушы елдер мыналар: Беларусь — 9,1 мың тонна (2023 жылы - 7,5 мың тонна), Ресей Федерациясы - 1,3 мың тонна (2023 жылы – 1,5 мың тонна), Украина – 748,6 тонна (2023 жылы – 1,8 мың тонна);

Қой еті – 31 тонна (2023 жылы – 32,8 тонна), оның ішінде РФ – 27,7 тонна (2023 жылы – 32,8 тонна), Қырғызстан – 3,4 тонна (2023 ж. – экспортталмады);

Жылқы еті – 2,6 мың тонна (2023 ж. – 2,9 мың тонна), оның ішінде негізі елдер: Моңғолия – 920 тонна (2023 ж. – 1 мың тонна), Уругвай – 812 тонна (2023 ж. – 507 тонна), Аргентина – 798,1 тонна (2023 ж. – 1 тонна);

Тауық еті – 135,7 мың тонна, оның ішінде негізі елдер: Ресей – 65,5 мың тонна (2023 жылы – 53 мың тонна), АҚШ – 48,1 мың тонна (2023 жылы – 80,5 мың тонна), Украина – 10,5 мың тонна (2023 жылы – 10,7 мың тонна), Беларусь – 5,6 мың тонна (2023 жылы – 5,5 мың тонна);

Шошқа еті – 7,6 мың тонна, оның ішінде негізі елдер: Ресей - 6,1 мың тонна (2023 жылы – 6,5 мың тонна), Беларусь – 1,5 мың тонна (2023 жылы – 230,3 тонна). 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:17

13:39

13:12

12:57

12:42

11:48

11:45

11:39

11:30

11:19

11:13

10:38

10:32

10:31

10:20

10:10

22:56

21:44

15:41

15:13

14:53

14:13

13:18

12:53

12:06