Placeholder
ФОТО: shazoo.ru
Әлем2 мамыр 2024, 8:38

АҚШ-та ірі криптобиржаның негізін қалаушы сотталды

Байлығы 33 млрд долларға бағаланған бай адамдардың бірі Чанпэн Чжао сотталды. АҚШ соты оны төрт айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. ірі Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушы, 47 жастағы қаржы магнаты АҚШ-тың ақшаның ізін жасыру қарсы заңын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW ақпарат агенттігі жариялады. 

Binance басшылығы терроризмді, балалар порнографиясын және басқа да заңсыз әрекеттерді қаржыландыруға қатысты транзакциялардан хабардар болған, бірақ платформа бұл туралы құқық қорғау органдарына хабарламаған. Чжао кінәсін мойындап, Binance басшысы қызметінен кетті.

Төрт ай түрмеде отырғанынан бөлек Чжао 50 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс.

Айта кетсек, Чжао – әлемдегі ең бай адамдардың бірі. Оның байлығы 33 млрд долларды құрайды. Ол Forbes журналының кейінгі жыл сайынғы миллиардерлер тізімінде 50-орында тұр.

Еске салсақ, былтыр наурызда АҚШ соты банкротқа ұшыраған FTX криптобиржасының негізін қалаушы Сэм Бэнкман-Фридті 25 жылға бас бостандығынан айырған еді. Банкроттыққа дейін бұл биржа Binance криптовалюта биржасының негізгі бәсекелестерінің бірі болған еді. Бэнкман-Фрид клиенттердің ақшасын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Binance криптобиржа Чанпэн Чжао сотталды

Көп оқылғандар:

Кеше, 13:34 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 18:00 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар