Placeholder
Фото: Artyom Geodakyan/TASS/IMGAO
Әлем27 наурыз 2024, 22:41

"Крокус Сити Холл": Лаңкестік әрекеті бойынша сегізінші айыпталушы қамауға алынды

«Крокус» лаңкестік әрекеті бойынша сегізінші айыпталушы қамауға алынды. Мәскеудің Басман соты аталмыш іс бойынша басқа күдіктілер сияқты Әлішер Касимовты да 22 мамырға дейін қамауға алды. Оған лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктінің біріне пәтер жалдап берген деген айып тағылып отыр. Оның өзі жай ғана Avito-да пәтер жалдау туралы хабарландыру жариялағанын және жалға алушылардың терроризммен байланысы бар екенін білмегенін айтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік іс бойынша басқа айыпталушылардың қамауға алынуы аясында Ресейдегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова ұсталғандар мен айыпталушыларды азаптауға жол берілмейтінін және «кез келген процессуалдық операциялық іс-әрекеттер заң талаптарына сай жүргізілуі керек» деді.

Сонымен қатар, ол қылмыскерлерді ұстау «өте қатаң болатынын» және қамауға алу кезінде қауіпсіздік күштерінің зиян келтірумен байланысты әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмайтынын атап өтті.

Крокус сити холл Әлішер Касимов қамауға алынды айыпталушы

Тақырыпқа жаңалықтар