Placeholder
Фото: Koki Kataoka/Yomiuri Shimbun/AP/picture alliance
Әлем30 сәуір 2024, 0:49

Қытайлық компаниялар АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айналып өту жолын іздестіруде

Қытайлық компаниялар АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларын айналып өту жолдарын іздестіруде.  Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл көптеген қытайлық банктердің Қытайдан Ресей Федерациясына тауар экспорттайтын компанияларымен ынтымақтасудан қорқуымен байланысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Агенттік дереккөздерге сілтеме жасай отырып, кейбір қытайлық компаниялар жергілікті ірі банктермен қиындықтарға байланысты «шекарадағы шағын банктерге және ақша брокерлері сияқты астыртын қаржыландыру арналарына, тіпті тыйым салынған криптовалютаға жүгінеді» деп жазады.

Қытайлық кәсіпорындардың бірінің иесі Қытайдың ірі банктеріне Ресейден келген төлемдерді тексеру үшін бірнеше ай қажет деп шағымданды.

Қытайдың кейбір компаниялары Ресей нарығынан толығымен кетуге шешім қабылдаған. 

Қытайлық компаниялар Ресей Санкция айналып өту

Көп оқылғандар:

Кеше, 13:34 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:00 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар