Placeholder
Фото: Александр Павский / Kazinform
Қазақстан жаңалықтары21 ақпан 2024, 22:14

Астана мен 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 ақпан күні ел астанасы мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады

Астана мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 40 градусқа дейін, Жетісу облысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысында Іле өзенінен 164 км қашықтықта, Қапшағай ГЭС-індегі гидрологиялық бекетте мұздардың кептелуі салдарынан су деңгейі көтерілді.

Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман, Қызылорда, Жамбыл облыстарында да тұман, Түркістан облысында көктайғақ болады.

22 ақпан Ауа райы ескерту

Тақырыпқа жаңалықтар