Placeholder
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Қазақстан жаңалықтары1 сәуір 2024, 11:34

Атыраудағы Миялы ауылына тірелген судың деңгейі – 1 метр 20 см

Ойыл өзенінің арнасынан асқан тасқын су Атырау облысындағы Миялы ауылының іргесіне тіреліп тұр. Судың деңгейі – 1 метр 20 см, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Миялы – Атырау қаласынан шалғайда орналасқан Қызылқоға ауданының орталығы. Қазір бұл ауылда 7650 адам тұрады.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Миялы ауылын тасқын судан қорғау үшін 2,7 шақырымдық бөгет биіктетілген. Қазір бөгеттің биіктігі – 2 метр.

«Бөгет ауылды тасқын судан қорғайды. Қазір эвакуация уақытты тиімді пайдалану үшін жарияланып отыр. Дүрбелеңге салынып, үрейге берілмеу қажет», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Бүгін түсқайта аудандық әкімдік төтенше жариялады. Соған сәйкес, Миялыдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды.

«Тұрғындарды қабылдау үшін Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназия, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектеп пен «Нұр-Шуақ» балабақшасы дайындалды. Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас адамдар, үш топтағы топтағы мүгедектер көшіріледі», -деп мәлім еткен еді әкімдіктен.

 

Атырау Миялы су деңгейі

Тақырыпқа жаңалықтар