$447.25 €485.18 ₽4.96
×

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік екіге қақ бөлініп, 3 адам қаза тапты

AstanaTV
27.01.2023ж. 20:00
1078
Алматыда жол апатына ұшыраған көлік екіге қақ бөлініп, 3 адам қаза тапты

Алматыда жол апатына ұшыраған көлік екіге қақ бөлініп, салдарынан 3 жігіт қаза тапты. «Хонда» маркалі автокөлігінің 2003 жылғы жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Көлік жүйткіп келіп шам бағанасына соқтығысты. Қатты соққыдан көліктің сау тамтығы қалмаған. Ішіндегі 3 адам сол сәтте көз жұмды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

М. Жақан