22.03.2025, 11:07
Жаңалықтар
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл қалалардағы атмосферада ластаушы заттар шоғырланады

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
22 наурыз күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы болжанып отыр.
Мұндай метеорологиялық жағдайлар, яғни, ауа райының қолайсыз қысқа мерзімді факторлары (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) зиянды заттардың жер бетіне жақын қабатта жиналуына ықпал етеді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар елдімекендерде атмосфералық ауа сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
28.03.2025, 23:32
«Жабайылық»: Қайрат Нұртас концертінде киімін лақтырып, жұрттың ашуын тудырды (ВИДЕО)
28.03.2025, 09:11
«Күші 5 балл болды»: Жамбыл облысының Меркі ауданында жер сілкінді