22.03.2025, 12:13
Жаңалықтар
Қазақстанда 22 наурызда қандай жолдар жабылды
Жабылған жолдар үш облыста орналасқан

Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда 22 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Жабылған жолдар:
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолы, 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш – Ембі қалалары арасында).
Альтернативті бағыт: «Ембі – Жем – Әлібек-Мола (кен орны) – Кенқияқ – Темір» жолы.
Қостанай облысы:
- «Марииновка ауылына кіреберіс» автожолы, 9-шы шақырым.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласын айналып өту» автожолы, 4-7 шақырым (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).
Жүргізушілерге алдын ала бағыттарын жоспарлап, жолдағы жағдай туралы ресми дереккөздерден ақпарат алу ұсынылады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
27.03.2025, 07:55
«Төреғалидің атасы ма?»: Қайрат Нұртасқа тілегін айтпақ болған қария оны шошытып алды (ВИДЕО)
27.03.2025, 13:23
«Домалап жыладым»: Айнұр Тұрсынбаева ажырасқаннан кейін қарызға батып, күйзеліске түскенін айтты
27.03.2025, 09:34
«Әр кезеңнің өзіне тән жауапкершілігі бар»: 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы жан сырын ақтарды
27.03.2025, 23:21
«Мойнынан қан фонтан болып атқылады»: Құлсарыда ер адам бұрынғы әйелін бауыздап өлтірді
27.03.2025, 08:01
Павлодарда 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды