$ 498.25  537.16  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ескерту: Көкшетауда ауыз судың сапасы нашарлауы мүмкін

Су құбырларының бірінде апат болған

Ескерту: Көкшетауда ауыз судың сапасы нашарлауы мүмкін
Фото: © istockphoto.com

Көкшетауда ауыз судың сапасы уақытша нашарлауы мүмкін. Бұл қала маңындағы су құбырында болған аварияға байланысты туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Көкшетау Су Арнасы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат Қарақөл мен Саумкөл ауылдары арасындағы Көкшетау топтық су құбырында болған. Қазіргі уақытта зақымданған жер анықталып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Осыған байланысты Сергеев су қоймасынан Көкшетау қаласына су беру шектеледі. Қала тұрғындарын сумен уақытша Чаглин су қоймасы қамтамасыз етеді. Бұл ауыз судың сапасының аздап төмендеуіне алып келуі мүмкін», — деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Тұрғындарға ауыз суды алдын ала жинап алуға және суды пайдаланбас бұрын қосымша сүзгіден өткізуге кеңес беріледі.

Серіктес жаңалықтары