АҚШ 500 мың мигрантты елден шығарғалы жатыр
Олардың құқықтық мәртебесі қайтарылады

АҚШ билігі Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэла азаматтарына арналған CHNV миграциялық бағдарламасын тоқтатты. Осыған байланысты 500 мыңға жуық мигрант ел аумағынан бір ай ішінде кетуге тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW басылымына сілтеме жасап.
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің жарлығы бойынша, бағдарлама 25 наурызда ресми түрде тоқтатылады. Егер мигранттар осы уақытқа дейін басқа заңды мәртебе алмаса, олар 24 сәуірге дейін елден шығуы қажет.
CHNV бағдарламасы 2022 жылы Джо Байден әкімшілігі тарапынан гуманитарлық дағдарыс жағдайындағы елдерден бақылаудағы мигранттарды қабылдау үшін енгізілген. Ол ай сайын 30 мыңға дейін адамға АҚШ-қа кіруге мүмкіндік берген. Алайда қазір елдің миграциялық саясаты өзгеріп жатыр.
Калифорниялық иммиграциялық адвокат Никоlette Глейзердің айтуынша, 532 мың мигранттың тек 75-і ғана ресми түрде баспана алуға өтініш берген. Қалғандары жаңа жарлықтың әсеріне түседі.