25.03.2025, 02:01
Жаңалықтар
Үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы анықталды
Ол үш бағдарлама бойынша үздік атанды

Фото: Спорт министрлігі
Кирилл Герасименко үстел теннисінен Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Астаналық теннисші Алматыда өткен үстел теннисінен ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді.
- Аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетті;
- Ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен бірге топ жарды;
- Жекелей сында Алан Құрманғалиевті финалда ұтып, чемпион атанды.
Үш бағдарламада да үздік атанған Кирилл Герасименко – 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
29.03.2025, 21:44
«Сәлем салып, орамал тағу – проблема емес»: Дана Есеева келін болып түскенде орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты
29.03.2025, 08:22
Каспий теңізі жыл өткен сайын тартылып барады (ВИДЕО)
29.03.2025, 22:46
«Аяқтарынан сыз өтіп, ауыратын болды ғой»: әскери шеруге қатысатын сарбаздардың жағдайы елдің наразылығын тудырды (ВИДЕО)