$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай сақталады

Қалада ауа сапасы нашарлайды

Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай сақталады
Фото: © istockphoto.com

25 наурызда Ақтөбе қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 25 наурыз күні Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.

ҚМЖ – бұл атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи жағдайлар. Оған келесі факторлар әсер етеді: Желдің бәсеңдеуі немесе толық болмауы; тұман түсуі; температура инверсиясы (жылы ауа қабатының төмен орналасуы, салдарынан зиянды қалдықтардың таралмауы).

Мамандар қала тұрғындарына денсаулықтарына мұқият болуға және ауа сапасын бақылауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары