26.03.2025, 06:01
Жаңалықтар
Қазақстанның бірнеше облысында тасжолдарды су басып қалды
«ҚазАвтоЖол» тасжолдардағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com/Marc Bruxelle
Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 260 арнайы техника мен 574 маман жұмылдырылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
30.03.2025, 08:15
«Өз қолымен қуырдақ қуырып, шай құйды»: күйеуінің зауытында қызмет еткен Тамара Асар елді тәнті етті (ВИДЕО)
Бүгін, 01:24
«Маған тұрмысқа шығасың ба?»: танымал актер отбасылы бола тұра әнші Ақботанұрға неліктен сөз салды (ВИДЕО)
30.03.2025, 07:30
«Пәтер ақысын төлегісі келмеген»: азық-түлік арбасынан әжейдің бөлшектелген денесі табылды
Бүгін, 00:34
Алматыда қымбат көлік мінген адам әл-Фарабидің бойымен 288 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті (ВИДЕО)
30.03.2025, 14:12
АҚШ-та тұрғын үйге ұшақ құлады: тірі қалғандар жоқ