06.04.2025, 14:50
Жаңалықтар
Қазақстандық боксшылар Бразилияда үш алтын медаль алды
Сонымен қатар үш қола медаль иеленді

Фото: olympic.kz
Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен бокстан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы үш алтын және үш қола медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жазира Орақбаева (51 кг дейін) жарыс чемпионы атанды. Оның қарсыласы, италиялық Элен Лучия Аяри, жарыстан бас тартқан.
Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг дейін) финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловты жеңсе, Даулет Төлемісов (85 кг дейін) өзбекстандық Ақмалжол Исроиловтан басым түсті.
Қола медаль иеленген спортшылар:
- Диас Молжігітов (75 кг дейін)
- Даниял Сапарбай (90 кг жоғары)
- Ұлжан Сәрсенбек (57 кг дейін)
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
11.06.2025, 20:41
Сәкеннің құдалығы: Кенжебек Жанәбіловтің "біртүрлі" биі желіде тарап кетті (ВИДЕО)
11.06.2025, 13:45
«Қайрат Боранбаевтың есімі аталған»: 6 жарым жылға сотталған блогер өз шындығын айтты
11.06.2025, 23:48
«Банктен шыға бере байқап қалған»: Қостанайда адам сенгісіз оқиға болды
11.06.2025, 16:56
Жамбыл облысының бас экологы мен зауыт басшылығы сотталды