12.04.2025, 13:52
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жүк көлігі аударылып қалды
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: ТЖМ
Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» тас жолында жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жүргізушіге көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Ырғыз ауданында су тасқынына қарсы жұмыстардан қайтып келе жатқан министрлік пен облыстық ТЖД қызметкерлері жолда аударылған жүк көлігін байқап қалған.
«Құтқарушылар жүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында көлікті дөңгелегіне тұрғызды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жолда абай болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
03.06.2025, 14:36
«Саған еш қатысы жоқ»: Баян Алагөзованың тұңғыш қызы суррогат жолмен туған сіңлілері туралы сұрады (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
02.06.2025, 09:59
Кальянға құмарлықтың құны: денсаулыққа зияны мен айыппұл көлемі қандай
30.05.2025, 10:07
Алдағы 5 жылда адамзатты бұрын-соңды болмаған ыстық күтеді - ДМҰ есебі