12.04.2025, 23:52
Жаңалықтар
Оқушылардың буллингтен қорғану жолы: 5 ереже
Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған

Фото: istockphoto.com
Мектеп оқушыларының буллингтен қорғануының 5 ережесі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының полиция қызметкерлері анимациялық суреттер арқылы буллингтен қорғанудың жолдарын көрсетті:
- Үнсіз қалма – ересектерге айт. Мұндай қиындықпен жалғыз күресудің қажеті жоқ. Ата-анаңмен, мұғаліммен сөйлес.
- Қорлаушыға сенбе. Буллинг жасаушылар сені қорқытып, кемсіткісі келеді, олардың сөзіне сенбе!
- Агрессиямен жауап берме. Бұл жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін. Сабыр сақта – бұл сенің күшің.
- Басқаларға қолдау көрсет. Егер біреуді ренжітіп жатқанын көрсең – бей-жай қалма. Бірге әрекет ету – тиімдірек.
- Буллинг – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.
«Мультфильм түрінде балаларға үнсіздіктің салдары қандай болатыны және қиын жағдайда сөйлеу мен әрекет етудің маңыздылығы түсіндіріледі», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
06.06.2025, 12:50
Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні жайлы күтпеген сыр айтты
06.06.2025, 16:50
«Кілеммен шығарғаны несі?»: желіде Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзатуы қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
07.06.2025, 22:16
«Қаржаубайдың көзінде тек мұң еді»: Шерзат Полаттың әкесінің қазіргі жағдайы қандай (ВИДЕО)
06.06.2025, 20:00
Нұрлан имам құрбандық дұғасын оқып жатқанда қой қашып кетті (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
02.06.2025, 09:59
Кальянға құмарлықтың құны: денсаулыққа зияны мен айыппұл көлемі қандай
30.05.2025, 10:07
Алдағы 5 жылда адамзатты бұрын-соңды болмаған ыстық күтеді - ДМҰ есебі