19.06.2025, 12:40
Саясат
Тоқаев Астанадағы «Дәулет» теннис орталығына барды
Президенттің жанында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек еріп жүр
Фото: Ақорда
Бүгін Астанадағы бірқатар нысандарды аралап жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорда жазғандай, кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.
«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
09.11.2025, 21:36
«Ұятты жерінің бәрі көрінді-ау»: тойда билеген бойжеткен оңбай сынға ұшырады (ВИДЕО)
09.11.2025, 23:30
«Дене қызуы 40 градус болып тұрды»: Димаштың қандай жағдайда концерт өткізгені белгілі болды (ВИДЕО)
09.11.2025, 16:12
«Соңғы сәтке дейін күтті»: Алматы облысында із-түзсіз кеткен адамның анасы көз жұмды
09.11.2025, 23:59
Қаншама жетімді бауырына басқан: Алматыда Әмина қажы ашқан балалар үйі өртеніп кетті (ВИДЕО)