1 млн қазақстандыққа ЖИ қолдануды үйретеміз – Жаслан Мәдиев

19 Маусым 2025, 20:20
3490
Бөлісу:
 коллаж BAQ.KZ
VIDEO
Фото: коллаж BAQ.KZ

Қазақстан – жасанды интеллект технологиялары саласында Орталық Азияда көшбасшы ел. "Qazcontent" АҚ Басқарма төрағасы Айна Задабек елімізде қазіргі уақытта өте белсенді дамып келе жатқан жасанды интеллектіге қатысты бірқатар сауалға жауап алу мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен сұхбаттасқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖИ-ді қолдану, әсіресе оны күнделікті өмірде пайдалану біз үшін қалыпты құбылысқа айналып келеді. Десе де, "жасанды интеллект адамзат үшін қауіпті" деген пікір айтатындар да аз емес. "Болашақта ол миллиондаған адамды жұмыссыз қалдырады" дейді олар.

ЖИ расымен де қауіпті ме? Оны дамытсақ елімізде не өзгереді? Қазақстанға әкелінген суперкомпьютердің міндеті не және оны кімдер қолданады? Отандық ЖИ KazLLM туралы не білеміз? Астанада ашылатын Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы қалай жұмыс істейді? ЖИ бойынша кадр дайындау барысы қалай жүзеге аспақ?

Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен жүргізген сұхбатымыздан біле аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы