Алматы аспанындағы Ай көрінісі Қазнет қолданушыларын таңғалдырды

11 Маусым 2025, 23:27
542
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Белгілі фотограф Дмитрий Доценко Instagram-дағы парақшасында Алматыда түсірілген ерекше кадрды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Суретте "Қазақстан" қонақ үйінің үстінде көрінген толық Ай бейнеленген.

Таулардың үстіндегі толық Ай және керемет "Қазақстан" қонақ үйі. Бұл дрондар мен отшашудан да әдемі әрі тегін, – деп жазды автор.

Желі қолданушылары ерекше табиғи көрініске тәнті болып, кадрды белсенді түрде бөлісіп жатыр.

Жарияланымның астында "Бұл табиғаттың кереметі, өкінішке қарай, қазір Жұлдыздарға, айға қарайтындар аз... Таң қалдыратын сұлулық, қайталанатын мәңгілік – Ай мен Күн...", "Таудан төмен қарай домалап бара жатқандай", "Сөзсіз сұлулық" деген сынды пікірлер қалдырылған.

Өзгелердің жаңалығы