Алматыны шаңды дауыл басып қалды

5 Сәуір 2025, 14:33
1367
Бөлісу:

Алматыда күн күрт бұзылды. Аспанды қара бұлт торлап, қатты жел тұрып, қаланы шаңды дауыл басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматылықтар қаладағы қолайсыз ауа райы салдарының фото-видеоларын әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Әуежайдың баспасөз қызметі Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Қазгидромет Алматыда 5-6 сәуір аралығында нөсер жауын жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына шамамен 15-20 метрге жететіні туралы ескеркен болатын.

 

 

Өзгелердің жаңалығы