Алматының үш ықшам ауданында жарық өшті

30 Маусым 2025, 11:27
846
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әуезов ауданынының тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Алатау Жарық Компаниясының" мәліметінше, бүгін сағат 08:10 шамасында Әуезов ауданында №1, №2 және Аксай-1 шағынаудандарындағы тұтынушыларға ішінара электр қуатының өшуі тіркелді. Апаттың себебі – кабель желісінің зақымдануы.

Қазіргі уақытта №1 және №2 шағынаудандарында электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Аксай-1 шағынауданы бойынша апатты-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. “АЖК” АҚ мамандары электрмен жабдықтауды тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр, – деп хабарлады компания.

Еске салайық, 19 маусымда Алматы облысы мен қаласы жарықсыз қалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы