Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ смартфондарды "салықтан босатты"

13 Сәуір 2025, 04:11
600
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Бұл тізімге басқа да электроникалық тауарлар кірді. Бұл тұтынушыларды бағаның күрт өсуінен қорғап, Apple мен Samsung сияқты электроника алпауыттарына пайдасын тигізуі керек, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндай жеңілдік монитор, қатты дискі, компьютерлік процессор, жартылай өткізгіш микросхема және жад микросхемаларына да қатысты болады.

Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға 145 пайыздық баж салығын енгізгеннен кейін АҚШ-тың кеден және шекара қорғау қызметі жеңілдіктер тізімін жариялады. Бұл қадам Қытайда iPhone және оның басқа да көптеген өнімдерін шығаратын Apple сияқты технологиялық компанияларға соққы болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, тарифті кейінге қалдыру қысқа мерзімді болуы мүмкін. Бұл тауарларға басқа қосымша баж салығы салынуы мүмкін, бірақ олар ең жоғары көрсеткі болып тұрған 145% мөлшерлемеден төмен болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы