Ақтөбедегі Елек өзенінде балық қырылып жатыр

23 Мамыр 2025, 04:21
537
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Ақтөбеде Елек өзенінде балық қырылып жатыр. Қаланы кесіп өтетін су арнасында тұқы, мөңке, сазан мен ақтабан балықтарының өлі шабақтары судың бетінде қалқып жүр. Тұрғындар жиі демалатын жағалауларда да қырылған балықтар көптеп табылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта "Тобыл-Торғай" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері су қоймасын тазартуға және өлген балықты жинауға кірісті. Алайда әзірге нақты қырылған балық саны белгісіз.

Мамандар оқиға орнына барып, су мен балық қалдықтарынан сынама алды. Қазір зертханалық талдау жүргізіліп жатыр. Балықтардың жаппай қырылу себебі осы сараптамалар нәтижесінде анықталатын болады.

Судың қатты жіберілуінен, яғни секундына 25 мың текше метр көлемінде ағыс жүріп жатыр. Бөгеттің астындағы бетон құрылысқа соғылған балықтар дене жарақатын алған болуы мүмкін, — дейді "Тобыл-Торғай" бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Әділбек Сұлтанов.

Оның айтуынша, визуалды тексеру кезінде өлі балықтардың сыртқы жарақаттары байқалған. Дегенмен нақты қорытынды зертханалық зерттеулер аяқталған соң белгілі болмақ.

Өзгелердің жаңалығы