Елордада жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.
Мекеменің мәліметінше, Астанада уақытша 20 бағыттың қозғалыс схемасы өзгертілген. Атап айтқанда, №7, 56, 61, 63 бағыттарындағы автобустардың қозғалыс бағыттары уақытша өзгертілді.
Сонымен қатар "Қазақ технология және бизнес университеті" аялдамасына баратын жол уақытша жабылды. Осыған байланысты №7, 17, 42, 44, 45, 49 және 62 бағыттардағы автобустар бұл аялдамада жолаушыларды отырғызу мен түсіруді уақытша тоқтатқан.
Қоғамдық көліктер қозғалысына енгізілген өзгерістер бұнымен шектелмейді. №17, 44, 45, 61 және 62 маршруттарының сызбалары да уақытша жаңартылды.
Қозғалыс сызбалары №2, 6, 16, 37, 39, 42, 56, 71, 304, 322 және 503 бағыттарында да уақытша өзгеріске ұшыраған.
CTS компаниясы қала тұрғындары мен қонақтарын жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.