Астанадағы кафеде 9 адам уланды: оқиғаның себебі анықталды

24 Сәуір 2025, 22:58
462
Бөлісу:

Астанада 17 сәуірде тоғыз адам уланған "Koktem" кафесінде уланудың себебі – санитарлық талаптарға сай келмейтін шикі ет болып шықты. Бұл туралы мекеменің басқарушы директоры Данияр Байтоков Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зертханалық сараптама нәтижелері бойынша, улану көзі – сырттан жеткізілген ет. Ас үйіміз толықтай таза деп танылды, – деді Байтоков.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Астана қалалық полиция департаменті мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бірлесіп ресми тергеу жүргізіп жатыр. Кафе басшылығы органдармен толықтай ынтымақтастық орнатып, барлық қажетті ақпаратты ұсынған.

Сондай-ақ, мекеме басшысы кафе тарапынан бірқатар шаралардың қабылданғанын атап өтті. Яғни, барлық өнім жойылды, ас үй мен жабдықтар толығымен жуылып, дезинфекцияланды, барлық жұмыс кезеңдері қосымша тексерілуде, персонал қайта оқытылды, штатқа санитар дәрігер қосылды, кафе кәсіби химиялық тазалаудан өтті.

Біз қателікті мойындаймыз және мұндай жағдай қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп қорытындылады мекеме басшысы.

Еске сала кетейік, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы