Елімізде үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы анықталып, жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин бар.
Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.