Балалардың әткеншегіне отырып, орнынан шыға алмай қалған келіншек құтқарушылардан көмек сұрады. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төтенше оқиға Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында болған. 1998 жылғы келіншек балаларға арналған әткеншекке отырып, темірге қыстырылып қалған. Орнынан шыға алмай қалған ол құтқарушылардан көмек сұрады.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы "холматро" құралының көмегімен әйелді босатып алды. Келіншек зардап шеккен жоқ.