Баянауылда "Махаббат аралында" қалып қойған демалушылар құтқарылды

30 Маусым 2025, 02:36
624
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) жедел-құтқару жасағы жеті адамды, оның ішінде үш баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға қатты жаңбыр мен дауылды жел кезінде, демалушылар қайық пен катамаранмен "Махаббат аралына" жүзіп барып, кері қайта алмай қалған кезде орын алған.

Құтқарушылар катамаран және моторлы қайықтың көмегімен туристерді жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарында демалғанда сақтық шараларын қатаң сақтауға және ауа райы болжамын алдын ала тексеруге шақырады.

Өзгелердің жаңалығы