«Қазгидромет» РМК ел аумағында 13 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде өз әсерін сақтайтын болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз елдің солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, солтүстігі мен орталығында бұршақ күтіледі, - делінген ақпаратта.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында 3 градус үсік жүруі мүмкін.
Бұған дейін еліміздің 14 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды.