Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

6 Маусым 2025, 07:11
623
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Батыс өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түседі.

Тек орталық және шығыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, еліміздің бірқатар аймақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталуда. Атап айтқанда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында өрт қаупі өте жоғары.

Мамандар тұрғындарды ауа райының құбылуына сақ болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы