Бүгін, 12 маусымда Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Павлодар, Өскемен және түнгі уақытта Астана қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райының тыныш, тұманды немесе желсіз сәттері. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Синоптиктер метеожағдайлардың қолайсыз болуын желдің әлсіздігі, жауын-шашынның аздығы мен ауа температурасының төмендеуі сияқты факторлармен байланыстырады.